«Алатау» дәстүрлі өнер театры. Азиядағы жалғыз дәстүрлі өнер театры
Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер.
– Ғабит Мүсірепов
Театр жайлы
Қазақтың рухани құңдылықтарының бірі - ұлттық өнер. Ал дәстүрлі өнер - халықтың рухани өмірлік қажеттіліктерінің ерекше формасы. Ғасырлар түкпірінен тамыр тартатын халық қазынасын саф күйінде сақтап, негізін бұзбай, заманауи үлгіде көрермендерге ұсыну - қазіргі уақыттың талабы. 2016 жылдың 18 тамыз күні Алматы қаласының 1000 жылдығына, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Алатау» дәстүрлі өнер театры» ашылды. Театр Б.Момышұлы мен Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында орналасқан. Алатау ауданындағы дәстұрлі өнер театры көркем ғимаратымен ерекшелінеді. 691 орындық театр залы бар. Нысан 2014 жылы Алматы қаласының индустриалды-экономикалық даму бағдарламасы негізінде бой көтерді. Мәдени орталықтың жалпы аумағы 2,034 га құрайды. 3 қабатты ғимараттың алаңы 11515,9 шаршы метр. «Алатау» дәстүрлі өнер театрында 154 орындық қызыл және 98 орындық көк залдан тұратын 2 кинозал бар. Мұнда отандық кинофильмдер, түрлі мультипликациялық топтамалар көрермендерге көрсетіліп келеді. Кәсіпорын қорыңда халқымыздың ұлттық қасиеттері мен тәлім-тәрбиесін насихаттайтын көркем және деректі фильмдер, шетелдік жаңа кинофильмдер бар.
Мекен жайы: Алматы қаласы, Нұркент,6. Байланыс нөмірі: 8 (727) 398–85–36, 8 (727) 224–89–77.
Кіру: Бауыржан Момышұлы көшесі жағынан. Тұрақ: жерде 50 тұрақ орын бар. Тегін. Бауыржан Момышұлы көшесінен кіру.