1 сағат 20 минут
Ұзақтығы
Жас мөлшері
Жанр
Автор
Режиссер
Премьера күні
2019 жыл
+ 14
Музыкалық драма
Исраил Сапарбай
Ерлан Біләл
Спектакль жайлы
"Абай - Тоғжан" музыкалық драмасы адамзаттың Абайына айналған ұлы хакімнің жалынды жас кезінде алғаш ел ісіне араласа бастаған кезеңін суреттейді. Мыңмен жалғыз алысқан, соқтықпалы, соқпақсыз жолға түскен Абайдың жастық шағы ел ішіндегі атқамінерлердің арасындағы дау-дамай мен талас-тартыстың қайнаған ортасына түсіп, ерте есейтіп жіберді. Семейдегі оқуын аяқтамай жатып әкесі Құнанбай елге алдырып, халық арасындағы түйінді мәселелерді шешуге араластыра бастайды.
Сондай істердің біріменСүйіндік ауылына келген Абай Тоғжанды көреді. Жүректерінде махаббат оты тұтанған Абай мен Тоғжан арасындағы сүйіспеншілік қойылымның өзегіне айналады.
Сол заманның дәстүрімен атастырылып қойған екі жас шарасыздықтан махаббаттарын құрбан етті.
"Абай-Тоғжан" музыкалық драмасында Абай әндері мен дәстүрлі халық әндері қоса өріліп, қойылымның сырлы мазмұнын, дәуір тынысын, Абай Құнанбайұлының қилы тағдырын жеткізеді.