1 сағат 30 минут
Ұзақтығы
Жас мөлшері
Жанр
Авторлары
Режиссер
Премьера күні
9-10 қазан 2024 жыл
+ 6
Музыкалық комедия
Ефрат Шарипов,
Шыңғыс Маман
Исләм Нуртазин
Спектакль жайлы
Қойылым шағын радиостанцияның бүкіл қаланың дауысына айналғаны туралы оқиғаны баяндайды. Бір сәтте спутникте ақау пайда болып барлық ақпарат құралдары мен телефон байланысы істен шығып, бірақ жабылудың алдында тұрған "Алатау FM" радиосы ғана эфирден үзілмейді. Бұл эфир продюсері Айбек үшін таптырмас орай еді. Бірақ, Айбектің эфирге байланысты жоспарын көптеген оқыс оқиғалар іске аспауы үшін кедергі етеді. Ештеңеге қарамастан Айбек эфирді жалғастырып, барлық қиындықты жеңеді. Тіпті, өзінің сүйгенінен де айырылып қала жаздап, ақыр соңында радионың тыңдарман санын 10 миллионға жеткізіп, рекорд орнатады. Спектакль арманға сену, өз ісіне адал болу және жақындарына деген көңіл бөлу мен құрметтеу туралы ізгі қарым-қатынасты насихаттайды.
Барлық қиындықтарға қарамастан, спектакль кейіпкерлері көрермендерді өздерінің көңілділігімен шабыттандырады.
«Алатау FM радиосы" - бұл ең қиын жағдайда да өзіңе және армандарыңа сенудің арқасында тығырықтан шығудың жолын табуға болатындығы туралы қойылым.