1 сағат 15 минут
Ұзақтығы
Жас мөлшері
Жанр
Автор
Режиссер
Премьера күні
19 қазан 2022 жыл
+ 12
драма
Нұржан Тұтов
Нұржан Тұтов
Спектакль жайлы
Жексенғұл мен Қосшығұлды соғыстан кейін 40 жыл өтсе де, үмітін үзбей зарыға күткен кейуана бейнесі арқылы шебер сомдалған. Отан үшін бір  тамшықанын аямай, ерлікпен қаза тапқанТұрсынбек бейнесімен, пулеметші батыр қызымыз Мәншүктің алғы шепте түні бойы көз шырымын алмай жауды аңдыған сәтіне де осы уақиға желісінде куә бола аласыздар. Сондай-ақ қойылымның тағы бір кезекті кейіпкері ұстаз болуды армандаған Масалбайдың қалам мен қағазды қаруға алмастырған батыл жауынгер болып, шабуыл алдында анасына жазған жан тебірентер қоштасу хаты да қойылымға негіз бола алды. Мұнда боздақтарымыздың өмір мен өлім таласқан, майдан даласындағы ерен ерліктері кәсіби деңгейде шебер бейнеленген. Сұм соғыстың зардабы мен қасіретін тартан жандардың аянышты тағдырлары қойылымның басты кейіпкерлері арқылы көрермен көңілінен  орын  ала алды.