1 сағат
Ұзақтығы
Жас мөлшері
Жанр
Автор
Режиссер
Премьера күні
24,25 қаңтар 2025 жыл
+ 12
реквием
Бақыт Беделхан
Фархад Молдағали
Спектакль жайлы
Қашанда қазақтың тағдырлы тарихында сөзі- ойсыз айтылып,мұңсыз жырланбаған. Кейде, бір ән-бүкіл елдің сыры, бір дәуірдің жүгі боп та мық шегедей мықшып тұрады. Сондай әндердің бірі- Біржанның «Теміртасы»!
Бұл қойылымда Біржанның ғана емес, бүкіл қазақтың мұң-намасына айналған әндер сыр шертеді. Сізбен сырласады. Иә, бізбен мұңдасады. Шығу тарихы мен шырқау шегіне дейінәр қырынан ашып беретін «Теміртас» реквиемі-әлі де болса актуалды екені ащы шындық!..
Ал, шындықтан сөз де бұқылмайды, саз да бұзылмайды. Қойылым көрерменді ойға жетелеп, мұңға батырып, санасын сілкіп, қайта жігерлендіріп отыратын құмбыл-формасымен ерекше!